Kyzylorda-news.kz. Қазалы аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев Әйтеке би кентіндегі бірқатар құрылыс нысандарын аралады. 

Жалғас Оңғарұлы ең әуелі В.Счастнов және Желтоқсан көшелеріндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Аталған тұрғын үйлерге жауапты мердігер «N строй сервис» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, тиісті тапсырмаларды жүктеді. Сонымен қатар нысанның сапалы әрі уақытылы аяқталуын айтты. 

Қазіргі таңда көппәтерлі тұрғын үйлердің шатыр жабыны толықтай ауыстырылып, қасбеттері сыланып, кіреберістерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жауапты қызметкерлердің айтуынша, бүгінгі таңда жоба сметалық құжаттама бойынша құрылыс монтаж жұмыстарының 70 проценті орындалып тұр. 

Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев Жетес би дәрігерлік-амбулатория (көне емхана) мен аудандық ұлттық сараптама орталығы ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жауапты қызметкерлерге аудандағы бюджет қаражатына жүргізіліп жатқан кез келген жұмыстар аудан әкімдігінің тікелей бақылауында болатынын ескертті. 

Сонымен қатар Ғ.Мұратбаев елді мекеніне кіреберістегі жолға да барып, мамандарға жол сапасына баса мән беріп, уақытылы аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев Қазалы қаласы мен Алға ауылдық округіндегі бірқатар көшелердің жол құрылысымен танысты. 

Биыл “Шағын және моноқалаларды дамыту” бағдарламасы бойынша  Қазалы қаласындағы 15 көшеге қайта жаңғырту жүргізілетін болады. Мердігер мекеме - “Қыран” ЖШС. 

Қазіргі таңда аталған көшелердің бұрыңғы топырақ қабатын қазып алып, қайта топырақ төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, құрылысқа қажетті ауыр техникалар жеткізілген.

Құрылыс басына арнайы барған Жалғас Оңғарұлы мердігер мекеме қызметкерлерімен кездесіп, құрылыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуын тапсырды.  Сонымен қатар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтановқа тиісті тапсырмаларды жүктеді.

Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Кеңес Одағының батыры Ү.Түктібаев атындағы ауылға ат басын бұрды. Бірқатар көшелердің жұмысымен танысып, мердігер мекеме қызметкерлерімен сөйлесті. 

Жол құрылысының басты назарда болатынын айтқан Жалғас Оңғарұлы жауаптыларға жолдың сапасы мен уақытылы аяқталуын қатаң тапсырды. Сондай-ақ, қажетті техникалардың жеткілікті болуы бақылауда болатынын ескертті.

Тағы да оқыңыз: