Kyzylorda-news.kz Сайлау учаскелерінде ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының көрмелері, сондай-ақ, спорттық шаралар ұйымдастырылуда.
Тұрғындар өз таңдауын жасап, фотозоналарда суретке түсіп, көрмелер мен спорттық шараларды тамашалауда.
Сонымен қатар, бүгін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындарға өнімдер төмен бағамен ұсынылуда. Осылайша, бүгін аудан көлемінде түрлі іс-шаралар өткізіліп, Құрылтай сайлауы мерекелік көңіл күйде өтуде.
