Kyzylorda-news.kz Құрылтай депутаттарын сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 6 696 002 адам таңдау жасады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов айтты. 

Оның мәліметінше, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 14:00–дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынадай:

1. Астана қаласы бойынша — 40,92%.

2. Абай облысы бойынша — 63,07%.

3. Ақмола облысы бойынша — 61,15%.

4. Ақтөбе облысы бойынша — 60,87%.

5. Алматы облысы бойынша — 54,57%.

6. Атырау облысы бойынша — 54,49%.

7. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 50,21%.

8. Жамбыл облысы бойынша — 50,58%.

9. Жетісу облысы бойынша — 62,89%.

10. Қарағанды облысы бойынша — 62,79%.

11. Қостанай облысы бойынша — 55,86%.

12. Қызылорда облысы бойынша — 64,22%.

13. Маңғыстау облысы бойынша — 50,65%.

14. Павлодар облысы бойынша — 54,01%.

15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 58,63%.

16. Түркістан облысы бойынша — 57,72%.

17. Ұлытау облысы бойынша — 53,31%.

18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 61,10%.

19. Алматы қаласы бойынша — 30,36%.

20. Шымкент қаласы бойынша — 55,32%.

— Жалпы, еліміз бойынша сағат 14:00–де 6 696 002 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 53,12 пайызын құрайды. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 16:00–де беріледі, — деді ол.

Шавкат Өтемісовтің айтуынша, азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 учаскеде дауыс беру аяқталды.

Сурет: ChatGPT

Тағы да оқыңыз: