Kyzylorda-news.kz Құрылтай депутаттарын сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 8 млн 240 мың адам таңдау жасады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова айтты, – деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның мәліметінше, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 16:00–дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынадай:

1. Астана қаласы бойынша — 46,38%.

2. Абай облысы бойынша — 71,18%.

3. Ақмола облысы бойынша — 73,69%.

4. Ақтөбе облысы бойынша — 75,63%.

5. Алматы облысы бойынша — 67,23%.

6. Атырау облысы бойынша — 63,37%.

7. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 61,81%.

8. Жамбыл облысы бойынша — 69,11%.

9. Жетісу облысы бойынша — 77,03%.

10. Қарағанды облысы бойынша — 70,91%.

11. Қостанай облысы бойынша — 70,09%.

12. Қызылорда облысы бойынша — 81,38%.

13. Маңғыстау облысы бойынша — 65,86%.

14. Павлодар облысы бойынша — 67,06%.

15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 63,94%.

16. Түркістан облысы бойынша — 76,73%.

17. Ұлытау облысы бойынша — 64,29%.

18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 79,33%.

19. Алматы қаласы бойынша — 36,65%.

20. Шымкент қаласы бойынша — 67,92%.

— Жалпы, еліміз бойынша сағат 16:00–де 8 240 336 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 65,37 пайызын құрайды. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 18:00–де беріледі, — деді ол.

Құрылтай сайлауы-2026.jpg

Сурет: ChatGPT

Тағы да оқыңыз: