Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов, қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаевпен бірге Сыр аймағына белгілі құрылысшы, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Мұса Жақыпұлы Әбдіқалықовты 60 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, облыс әкімінің құттықтауын жеткізіп, «Құрмет» грамотасын табыстады. 

Салтанатты қабылдау барысында Мұса Жақыпұлына қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы, құрылысшы Бақдәулет Ысқақов, қалалық мәслихат депутаты Бейбіткүл Кәрімова құттықтау лебіздерін білдіріп, еңбектерін атап өтті.  

Мұса Жақыпұлы − Қазақстан Республикасының «Құрметті құрылысшысы», Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы», Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғын-үй құрылысы саласының өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген азамат. М.Әбдіқалықов «Жомарт жүрек» номинациясының иегері, көптеген қайырымдылық істің бастамашысы болған кәсіпкер. Ол он  жылға  жуық  мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған он отбасыға тұрақты түрде әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.
Қызылорда қалалық мәслихат депутаттары да мерейтой иесі Мұса Жақыпұлына ілтипат көрсетіп, атаулы күнд арнайы құттықтауларын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: