Kyzylorda-news.kz Қазалыда туып, өнерімен талайды тамсандырып жүрген талантты жандар жетерлік. Бірі ғылым саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырса, енді бірі қазақ өнері мен мәдениетін өркендетуге үлес қосуда. Солардың қатарында талантты жерлесіміз, ҚР Дизайнерлер одағының ескерткіш медалінің иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі Құрманқазы Қадыр да бар.

Бейнелеу өнерінің хас шебері ретінде бірқатар туындысы Қазақстандағы және шетелдік жинақтарда сақтаулы тұрған белгілі суретші Құрманқазы Қадырмен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

– Құрманқазы аға, талай дүлділ дүниеге келген қасиетті Қазалы топырағының тумасысыз. Орта мектепті осында тәмамдадыңыз. Одан ары қарай өмір жолыңыз қалай жалғасын тапты?

– Мен 1977 жылы Жаңақазалы станциясындағы Ы.Алтынсарин атындағы №421 онжылдық мектепті бітірген соң, Ленинград қаласына оқуға аттандым.1981 жылы Ленинград қаласындағы И.Е.Репин атындағы кескіндеме және сәулет институтының академиялық сурет, 1983-1985 жылдары В.А.Серов атындағы көркемсурет училищесінің кескіндеме бөлімінде дәріс алады. 1989 жылы сол қаладағы қала құрылысы және сәулет өнері мектебінің сәулет бөлімін бітірім. Менің Ленинградқа баруыма себепкер болған жан – менің ұстазым Қабылов Жасылық Санауұлы. Менің дарынымды танып, бағыт-бағдар беріп, талантымды ұштауға үлес қосқан сурет пәнінен беретін ұстазыма мың да бір рахмет айтамын. Жаны жәннәта болсын. Өте керемет жан еді.

Бірде сабақта отырған едік, қасыма келіп:«Ертеңнен бастап маған қосымша сабаққа кел» деді. Менің суретшілік кәсібім осылай басталды. Бұл 5-сынып болатын.

Одан кейін Алматының Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің көркемсурет және бейнелеу өнері факультетін де үздік тәмамдадым. Сол кезден бері Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында қала құрылысы және сәулет бөлімінде сәулетші, жетекші сәулетші, Есік қаласында жетекші сәулетші-дизайнер болып қызмет атқардым.

– Суретшілік қанмен келген қасиет пе әлде жүре келе дамыған дарын ба?

– Суретшілік қанмен келген десекте болады. Өйткені әкем Қайролла ағаштан түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасайтын шебер еді.

– Кімді ұстаз тұтасыз?

– Меніңалғашқы ұстазым жоғарыда айтып өткенімдей Жақсылық Санауұлы деп танимын. Ол маған бәрін берді, менің ағамдай болды. Мәскеуден суретке арналған арнайы аспаптар, красклер алдырып беретін. Бұдан өзге өмір жолымда талай ұстаздар кездесті. Бәрі де жаны жайсаң, шәкіртке берер тәлім-тәрбиесі мол өте жақсы ұстаздар.

– Ең алғаш салған суретіңіз есіңізде ме? Бала Құрманқазының қиялы қағаз бетіне қандай бейнені бейнеледі?

– Алғашқы салған суретім әрине есімде. Ол ҚАЗ ССР-дің гербі болатын. Мен оны айнытпай салып, іліп қойатынмын. Мұны әкем көріп, «О, бәрекелді, менің балам суретші болады» деп мақтанатын.

– Сізді кәдесый жасаудың хас шебері ретінде де танимыз. Қолыңыздан шыққан жауһар дүниелер көздің жауын алады. Әрқайсысының өзіндік ерекшелігі, мән-мағынасы бар. Алғашқы жасаған кәдесыйыңызды қалай атадыңыз? Шығу тарихына тоқталсаңыз...

– Алғашқы жасалған кәдесый ол «Құда мың жылдық»деп аталды.Неге құда мың жылдық, өйкені, қазақ бауырмашыл, құдасын құдайдай сыйлағанхаықпыз. Сонау 1990 жылдары егемендігімізіді алып,бөлініп шыға бастаған кезеңде, суретшілерде өз ойларын ортаға сала бастады. Соның ішінде менде бармын. Малды сойып, жіліктеу, оны асып табақ тарту, осы табақтардың ішінде қай табақ кімге тартылады, нендей мән-мағынасы бар барлығы тұнып тұрған тәрбие. Мәселен, жанбас жілігі салынған табақ қадірлі қонағына тартылады. Осы жамбас жілікті сомдап, «Құда мың жылдық» деген кәдесый дүниеге келді. Кәдесыйдың философиялық маңызы зор десем болады.

– Сүйекті қолданып та талай туындыны дүниеге әкелдіңіз. Бұл шығармаларыңызбен халыққа айтқыңыз келген ойыңыздың бары анық...

– Сүйектен «Жамбас», «Жауырын», «Омпа», «Өткел», «Таразы», «Ақ жол», «Үш биші», «Қызыл елік» атты туындылар жасадым. Менің халыққа айтарым жас ұрпақ, ел болашағы жастарөз мәдениетін, салт-дәстүрін білуі тиіс.Босағаң берік болсын деген ниетпен ертеде аталарымыз кәрі жілікті босағаға іліп қоятын. Үйді бәле-жәледен қырық бір ұрыдан сақтайды деп, жауырын ілген. Жауырынға қарап жол ашқан,болмаса көріпкелдік жасаған бұның бәрінде философиялық маңызы терең ұғым бар. Қарапайым малды союдың өзінде реттілік бар. Қайда қарап сою керек, оның басын қайда қарату, не айту керек, оны жіліктеп асу міне осының бәрі салт-дәстүр. Мен өз шығармашылығым арқылы осылардың мәнін ұқтырғым келеді.

– Аға, 2015 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында Әмірліктің бұрынғы шейхы Зайд ұрпақтарының ұйымдастыруымен өткен Халықаралық көрмеге арнайы шақыртумен қатысып, онда қазақ қолөнерінің ерекшелігін насихаттап, сертификат иеленіп қайттыңыз. Алған әсеріңізбен бөліссеңіз...

– 2015 жылы Біріккен Араб Әміршілігіне барып қазақ халқының мақтанышы «Құда мың жылдық», «Ақ жол»,«Босағаң берік болсын», тағы басқа жұмыстарды апарып, таныстырдым. Алған әсер өте көп. Оның бәрін сөзбен айып жеткіу оңай емес. Оны тек көру керек.

– «Өнер сатылмайды, бағаланады» деп жатамыз. Ең жоғары бағаға бағаланған суретіңіз немесе кәдесыйыңыз...

– Өнер ақшамен бағаланбауы керек. Өнердің бағасы оның құндылығында, философиялық маңыздылығында.

– «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді дана қазақ. Ұл-қыздарыңыздың арасында әке жолын таңдағандары бар ма?

– Әрине бар. Ол менің ұлым Дархан қазір Испания елінде оқиды.

– Жерлестеріңіз, Қазалы халқына айтар лебізіңіз болса, мархаббат

– Киелі қасиетті Қазалым гүлдене берсін.Бес батыр шыққан Қазалым жайнап, жаңарсын. Газет оқырмандары көп болсын. Осы тұста ұсынысмды айта кетсем деймін.

Қазалы ауданының мәдениет бөлімі елден шыққан азаматтарды шақырып, кездесу ұйымдастырып, көрмелер жасаса, қуана қолдар едім.

– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге, ізгі тілегіңізге рақмет. Шығармашылық табыс тілеймін.

 

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

Тағы да оқыңыз: