Kyzylorda-news.kz. «Ақ жол» партиясының атынан ауыл әкімдерінің сайлауына Қазалы ауданы Қарашеңгел ауылдық округі әкімдігіне кандидат – Құндыз Ташпақова. Заңгер мамандығын иеленіп, 15 жылдан бері ауылдық әкімдікте қызмет атқарған кандидат қазір тұрғындарды сайлауалды бағдарламасымен таныстырып жүр.

«Ақжол» демократиялық партиясы атынан ұсынылған үміткер ауылдастарын қаржы институттарының қызметін белсенді пайдалануға шақырды. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін жеңілдетілген несиелер арқылы шағын және орта бизнесті дамыта отырып, сол кәсіпкерлердің көмегімен елді мекенді абаттандыруға болатынын айтты. Сонымен қатар Құндыз Мұсақызы көкөністі өзге өңірлерден тасымалдай бермей, жергілікті шаруалар бақша өнімдерін өздері егуге бетбұрыс жасағаны дұрыс деп санайды.

 «Қарашеңгел ауылдық округіне Үйрек, Шитүбек, Ойынды, Көбек елді мекендері кіреді. Негізгі мәселе жолдарды асфальттау және көшелерге жарықтандыру жүргізу. Бағдарламада айтылған барлық мәселелерді Қарашеңгел ауылдық округіндегі жергілікті қоғамдастық мүшелерімен, ауыл тұрғындарымен бірлесе жұмыс атқарамын» – дейді Құндыз Ташпақова.

Тағы да оқыңыз: