Kyzylorda-news.kz Қызылордада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 95 құқық бұзушылық анықталды.
Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айының 10 мен 20 аралығында облыс аумағында « Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның 5 күнінде жалпы 95 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, шетел азаматтарымен жасалған 82 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталса, оның 13-і республика аумағынан аластатылды.
«Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 83 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді. Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан қыш шығару заводтарынан заңсыз жұмыс істеп жүрген 50 шетелдік азаматтар анықталып заң талаптарына сай әкімшілік шаралар көрілді», - дейді көші-қон қызметі басқармасының инспекторы полиция капитаны Ғабит Балқожаев.