Kyzylorda-news.kz. Адам баласы дүниеге келе салысымен оның бойында адамгершілік қасиеттің бірден пайда бола салмайтыны бәріне белгілі. Адамгершілік қасиет тек тәлім-тәрбие арқылы пайда болады. Ендеше, адамның әдепті немесе әдепсіз болуы жастайынан берілген тәрбиеге байланысты. Сондықтан да әке-шешенің ең әуелгі міндеттерінің бірі баланы бағып-қағып, жақсы тәлім-тәрбие беруінде. Тәрбиенің адам өмірінде елеулі орын алатынғы баршаға мәлім. Атам қазақ «Бала тәрбиесі бесіктен» деп, тәрбиені сәби кезден бастау керектігін білдірген.

Осы орайда, бүгін Қармақшы ауданы прокурорының аға көмекшісі Е.Есетов, Қармақшы ауданының полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобының аға инспекторы Г.Исмайлова, аудандық Жастар денсаулығы орталығының психологы Ә.Кетебаева, колледж директоры Б.Сайдулланың қатысуымен Қармақшы ауданының аграрлы-техникалық колледж студенттерімен «Құқықтық тәрбие және жігер» тақырыбы бойынша түсіндірме профилактикалық жұмыстары жүргізілді.

Жиынның мақсаты колледж студенттерімен құқық бұзушылықтың алдын алу және білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау болып табылады.

Сала мамандарымен өткен шарада білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар, зорлық-зомбылық, интернет қауіпсіздігі, ерте жүктіліктің алдын алу, бопсалау, әлімжеттік жасаудың салдары жағдайлары туралы ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету шаралары қамтылды.

Шара барысында колледж студенттеріне «Кәмелеттік жасқа толмағандардың беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуі» және «Балалардың қауіпсіз мінез-құлық ережелері» туралы арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, құқықтық жадынама қағаздары таратылды. 
 

317340761_627270249149270_240542339146444513_n.jpg

316959864_627270435815918_2333679709322592569_n.jpg

Тағы да оқыңыз: