Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының қалалық филиалында «Құқықтық көмек» жобасы аясында ашық есік күні өтті.

Мұнда азаматтар өздерін толғандырған сауалдарға байланысты кәсіби заңгерлер мен адвокаттарға, тұрғын үй мәселесі бойынша «Отбасы банк» мамандарына, партияға қатысты сауалдар бойынша Атқарушы хатшыға және жұмыссыздық мәселесі бойынша «Мансап» орталығының мамандарына сұрақ қойды.

Ашық есік күні аясында партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева: «Құқықтық көмек» жобасы партияның қалалық филиалы тарапынан айына екі рет ұйымдастырылып, азаматтарға тегін заңгерлік кеңестер берілуде. Жыл басынан партия филиалына 100 ден аса азамат құқықтық негіздегі сауалдармен жүгініп, олардың 76-ның өтініші қанағаттандырылды,-деді.

Ашық күні аясында тұрғындар тарапынан:

- «MANSAP» жұмыспен қамту орталығы арқылы «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа орналасу;

- «Отбасы банкінің» бағдарламалары арқылы тұрғын үй алу;

- Заңгерлік көмек көрсету туралы сауалдар жолданды.

Аталмыш сауалдар бойынша сала мамандары заң аясында жауап берді.

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ 2.jpg

Тағы да оқыңыз: