Kyzylorda-news.kz  "AMANAT" партиясының "Құқықтық көмек" жобасы аясында партия алаңында тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды.

Қабылдауды «Бітім» медиация орталығының кәсіби медиаторы, заңгер Қыдырбек Рашов Жұмағұлұлы жүргізді.

Тақырыптық қабылдау барысында тұрғындар алимент мөлшерін есептеу мен өндіріп алу, алаяқтық істерге қатысты мәселелердің шешу жолдарын сұрады.

Алимент төлемі бойынша жүгінген тұрғынға алимент мөлшерін есептеу бойынша ажырасқан ерлі-зайыптылар арасында төлем тәртібі мен мөлшері жөнінде келісім жүргізілсе, сол келісімге сай төлем жасалатыны түсіндірілді. Ал, келісім болмаған жағдайда ҚР Неке және отбасы туралы заңнамасындағы ережеге сай жүргізілетіні айтылды.

Сондай-ақ алаяқтық іске қатысты партия филиалына жазбаша өтініш білдіріп, тиісті мекемелерге жолданатынын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: