Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бастамасымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде 20-24 қараша аралығында заңгер, адвокат, медиатор және мәслихат депутаттарының қабылдауларынан құралған апталық жүргізілуде.

Қабылдауларда сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңес беріледі.

Кешегі қабылдауға «Бітім» медиация орталығының кәсіби медиаторы, заңгер Қыдырбек Рашов  қатысып, мүліктік мәселе бойынша кеңес сұрап келген тұрғынға заңгерлік көмек көрсетті. Мүлікті кепілден шығару жолдары жайлы жан-жақты, талаптарға сәйкес кеңестер берілді. Оның ішінде, сот арқылы шешілетін процедуралар бойынша түсіндірме жүргізілді.

Партияның қоғамдық қабылдауларына келіп түскен өтініштерді талдау елімізде адамдардың заң және сот-құқық қорғау жүйесіне қатысты мәселелері мен проблемалары көбейгенін көрсетеді. Ағымдағы жылдың 10 айында жоба шеңберінде бүкіл ел бойынша 4 023 адамды қамти отырып, 1 618 қабылдау өткізілген. Олардың ішінде 562 адамға толық құқықтық сүйемелдеу ұсынылды, 485 адамға құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетілді, 272 адамға медиациялық келісімдер жасалды, 2 704 адамға кеңестер берілді.

Облыстық деңгейде жоба аясында 10 ай ішінде 84 қабылдауда 236 мәселе қаралды. 158 тұрғынға кеңес беріліп, 25 тұрғынның құқығын қорғау бойынша сүйемелдеу шаралары жүргізілді.

Апталық аясында қабылдаулар өз жалғасын табатын болады. Тақырып бойынша сұрақтар болса әлеуметтік желіге, мессенджерлерге, байланыс нөмірлеріне хабарласып сұрақ қоюға немесе тікелей қабылдау уақытында филиалға жолығып, мәселеңізді айтуға болады.

404511200_743373401161632_357398604562820811_n.jpg

Тағы да оқыңыз: