Kyzylorda-news.kz  «AMANAT» партиясы азаматтарды тегін құқықтық кеңеспен қамтамасыз етіп келеді. Соның негізінде, партияның қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» жобасы аясында айына екі рет қоғамдық қабылдау өтуде.

Бүгін, аталған жоба аясында заңгер Балжан Қожабекқызы азаматтарды қабылдап, құқықтық кеңес берді.

Қабылдауда тұрғындар тарапынан:

декреттік демалыста жүре тұра, бала денсаулығына байланысты демалыс уақытын ақысыз негізде ұзарту;
пәтер алу заңдылығы;
алимент пайызын төмендету бойынша сауалдар жолданды.

Азаматтардың сауалдарын тыңдаған заңгер Балжан Қожабекқызы заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Тағы да оқыңыз: