Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тақырыптық қабылдау өтті.

Шараға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы А. Есмаханов, Республикалық қабылдау бөлмесінің жауапты қызметкерлері Сағындық  Жылқыбаев пен Азамат Жолданбаев сонымен қатар, облыстық әділет департаменті, облыстық адвокаттар алқасы, Түркістан - Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшілері, медиатор, заңгер, жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының өкілдері қатысты.

Қабылдаудың алғы сөзінде А. Есмаханов халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру «AMANAT» партиясының басты жұмыс бағыттарының бірі екенін, түсіндіріп, жобаның басты мақсаты мен міндеттерін атап өтті.

«AMANAT» партиясы орталық деңгейде Республикалық нотариаттық палата, Республикалық адвокаттар алқасы, Республикалық заң консультанттары алқасымен және «International Mediation Centre» РҚБ-мен меморандум жасады. Осының негізінде барлық өңірлерде «Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында филиалдарда заңгер, адвокат, медиатор және құзырлы мекеме өкілдерінің тақырыптық қабылдаулары өткізіліп, тұрғындарға тегін заңгерлік кеңестер  беріліп келеді. Мәселен, жоба аясында  өткен жылы ұйымдастырылған 123 қабылдауда 363 мәселе қаралды. 51 тұрғынға кеңес беріліп, 37 тұрғынға құқықтық сүйемелдеу шаралары жүргізілді. Ал биыл 9 ірі көлемді қабылдау өткізіліп, 42 тұрғынға кәсіби заңгерлік көмек көрсетілді. Жалпы 500-ге жуық тұрғын партия филиалдарынан тегін консультация алып, сүйемелдеу шараларына жүгінді»,-деді өз сөзінде Алмасбек Есмаханов.

Бүгінгі тақырыптық қабылдауға 20-дан  астам азамат келіп, банк несиелік қатынастар, еңбек даулары, банкроттық деп тану, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша өздерін толғандырған мәселелерге қатысты сала өкілдерінен қолданыстағы заң нормалары бойынша қажетті кеңестер алды.

Келушілер партия филиалы мен қабылдауға қатысушы барша азаматқа алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осы бағыттағы шараларды жалғастыру туралы ұсыныстарын білдірді.

Аманат.jpeg

Тағы да оқыңыз: