Kyzylorda-news.kz «AMANAT»  партиясы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің ең негізгі жұмысы тұрғындардың өтініштерін қарау, олардың оңтайлы шешілуіне қолдау көрсету. Сонымен қатар, партия төрағасы алға қойған негізгі міндеттер мен ел игілігіне бағытталған жобаларды түсіндіру, насихаттау болып табылады. 

«AMANAT» партиясы өткен жылы мамыр айында азаматтарға құқықтық көмек көрсту мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқықтық көмек» партиялық жобасын іске қосқан болатын. Бүгінгі күні партия алаңдарында білікті мамандармен азаматтарға, әлеуметтік осал топтағы жандарға тегін заңгерлік кеңестер беріліп, сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етіп, өзін қорғауға көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп келеді. 

Бүгін партия алыңында жоба аясында тақырыптық қабылдау ұйымдастырылып, облыстық кірістер департаменті өкілдерімен азаматтарға жалпыға бірдей декларациялаудың міндеттілігі мен тапсыру кезеңдері және жеке тұлғалардың банкроттығы туралы мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оларды толғандырған сауалдарға жауап берілді. 

Жалпы партияның Орталық аппараты Республикалық нотариаттық палатамен, Республикалық адвокаттар алқасымен, Республикалық заң консультанттары алқасымен және «International Mediation Centre» РҚБ-мен жасасқан меморандум негізінде өңіріде аталмыш ұйымдардың құрылымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Мәселен, партияның облыстық филиалында аптасына бір рет, ал қала, аудандардағы филиалдарда айына 2 мәрте жоба аясында қабылдаулар өткізіліп, қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру жұмысына ден қойылып жатқанында дейді шара барысында сөз алған партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова.

Атқарушы хатшысы сондай-ақ жоба аясында өткен қабылдаулардың нәтижесіне де тоқталып өтті.

«Облыс бойынша өткен жылы «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау бөлмедерінде 134 қабылдау өткізіліп, 367 мәселе қаралды. 244 тұрғынға құқықтық кеңес берілсе, 104 тұрғынның құқығын қорғау бойынша сүйемелдеу шаралары жүргізілді.

"Негізінен, қабылдаулар барысында жер дауы, мүліктік, қаржылық, отбасы-неке тақырыбы және еңбек даулары бойынша өтініштер көптеп кездеседі. Қазір жоба ауқымын кеңейтіп, өзге форматтардағы іс-шаралар жоспары жасалып, жұмыс жүргізілуде»,- деді Ләйлә Төрешова. 

Жалпы тақырыптық қабылдау барысында азаматтар салық заңдылықтарына қатысты өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптарын алды. 

Атап өтейік, шараға Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары Еркін Елшібеков және департаментке қарасты жауапты басқарма басшылары және ZOOM платформасы арқылы партияның аумақтық филиалдары алаңдарынан аудан тұрғындары қатысты. 

Тағы да оқыңыз: