Kyzylorda-news.kz Бүгін Аманат партиясының алаңында облыстық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы кестеге сай қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында борышкерлер тізімінен шығару, алимент өндіру, несие тарихын реттеу, жеке сот орындаушылардың әрекетсіздіктері және т.б мәселелер төңірегінде мәселелер тыңдалды.
Келушілерге ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заң нормалары түсіндірілді. Берешек қарызын төлегеннен кейін борышкерлер тізімінен алыну қажеттілігі, егер алынбаған жағдайда мән-жайды анықтап, сот орындаушыға жүгіну қажеттілігі айтылды.
Алимент міндетті төлем екені және бір бала үшін табысының 25%-ын период сайын өндіру жүргізіледі. Алимент төлемеген жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669 бабы, ҚР Қылмыстық Кодексінің 139 және 460 баптары бойынша қарастырылған жауапкершілік түрлері түсіндірілді.
Сондай-ақ, жеке сот орындаушылардың әрекеттері бойынша қолданыстағы заң нормалары түсіндіріліп, өтініш иесінің мәселесін оңтайлы шешуге көмек көрсетілетіні айтылды.