Kyzylorda-news.kz Республика көлемінде “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасы  аясында пробация есебіндегі тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында және құқық бұзушылық профилактикасы бағытында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Іс-шара барысында  лаудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімдері қызметкерлерімен бірлесе Қармақшы, Шиелі аудандық пробация есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олардың белгіленген міндеттерді орындауы мен мінез-құлқына бақылау жүргізілді. Сонымен қатар, есептегі тұлғалармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қайта қылмыс жасауға жол бермеу, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпті бұзбау жөнінде ескертулер берілді.

Аталған іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып, құқық бұзушылықтың алдын алуға және «Айқын нәтиже» қағидатына сәйкес нақты профилактикалық жұмыстар жүргізуге бағытталды.

Пробация есебіндегі тұлғалармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу арқылы қайта қылмыстың алдын алу, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету және құқық бұзушылыққа бейімділігін төмендету көзделді.

Бұдан бөлек, отбасылық жанжалдарға бейім тұлғаларға қатысты «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» қағидаты түсіндіріліп, отбасында құқықтық мәдениетті сақтау, жанжалдың алдын алу және зорлық-зомбылық фактілеріне жол бермеу жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тағы да оқыңыз: