Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында Қызылорда облыстық полиция департаменті «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Өткізілген іс-шара кезінде 40 қылмыс ашылды, 2342 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде отбасы тұрмыстық қарым қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтың 146 дерегі, 276- ұсақ бұзақылық тіркеліп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген258азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлікті масаң күйде басқарудың 8 дерегі анықталды. Тыныштықты бұзу - 160, кәмелетке толмаған заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүру – 166 дерек орын алды.10 жасөспірім бейімдеу орталығынажеткізілді.
Іс-шара барысында қоғамдық орындар мен қала көшелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданып, жаяу жасақтардың патрульдеуі күшейтілді.
