Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасының 16 күнінде 111 қылмысты ашты.
Облыс орталығында бұрын жасалған 16 қылмыстың беті ашылды. Іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды. Жалға берілетін пәтерлердің 576 тексерілді.
Тегіс ұңғылы атыс қаруды заңсыз сақтап, алып жүрген 12 адам анықталып, барлығына ӘҚБтК-нің 482-бабымен әкімшілік хаттама рәсімделген.
Әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлығы 1675 дерегі анықталған.Оның ішінде ұсақ бұзақылықтың- 587 дерегі, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрудің-356,Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжатсыз тұрудың-542, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзудың-41,шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзудың- 26 дерегі анықталған.
Сонымен қатар көлік құралын алкогольдік масан күйінде басқарудың 46дерегі анықталып, барлығы заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
