Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру мақсатында Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен арнайы жиын өтті.
Кездесу барысында аудандық қоғамдық штаб мүшесі Өмірсерік Тақырбасов жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді.
Сондай-ақ, жаңа жобада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді нығайту және заң үстемдігін қамтамасыз ету басты басымдықтардың бірі екені айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

