Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ішкі істер органдарының қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берген болатын. Соның бірі – полицияның сервистік моделін құру. Яғни, жолдау жүктеген міндет бойынша оның ауқымын кеңейту болып табылады. Осы ретте, полиция қызметінің жаңа тәсілінің тиімді нәтижесі алдымен қоғам қолдауына, азаматтық қауымдастықтың белсенділігі мен жергілікті биліктің ықпалдастығымен сабақтасып жатыр. Яғни, Президент айтқандай, қоғам мен жергілікті билік органдары полициядағы жаңа өзгерістердің мән-маңызын түсініп, оларға қолғабыс етуге тиіс.
Осы орайда, Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылдың 12 желтоқсан күні Қармақшы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, халықпен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында, жергілікті атқарушы органдармен бірігіп, азаматтармен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында, аудан тұрғындарының жол қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, көлікті тіркеу және тіркеуден шығару, жүргізуші куәлігін алу, төл құжат алу, автокөліктерге қосымша бөлшектер орнату, әкімшілік айыппұлдарды төлеу, сондай-ақ, шет ел көліктерін заңдастыру бойынша сұрақтарға жауап берілді.

