Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласындағы №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты дөңгелек үстел өтті. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады.

Дөңгелек үстел мақсаты білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

Құқық бұзушылық – құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді. 

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу –қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. 

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет. Балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс.

Мектеп-интернат директоры Ж.Т.Ахметов дөңгелек үстелді ашып берді. Қызылорда ҚПБ ӘПБ жол-техника инспекциясы тобының инспекторлары полиция капитаны Н.Шайхысламов және полиция капитаны А.Исмайлов, Қызылорда ҚПБ жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары М.Нағашыбаев және Н.Жанділлаев қатысты.

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: