Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қоғам үшін қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

«Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, қоғамдық тәртіпті сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылған емес. Сондықтан да қылмыстың алдын  алу мақсатында жастарға жан-жақты құқықтық тәрбие беріліп, түсіндіріліп отыруы керек.

Осы орайда Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуге құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының өкілі А.Өмірзақов, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция майоры Б. Ахметкалиев, аудандық емхана психологы Б.Доспанов және аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Амандық қатысты.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, жастарды тәртіпке, адамгершілікке, имандылыққа шақыратын осындай іс-шараладың жиі ұйымдастырылуы қоғам қауіпсіздігін насихаттауда көп септігін тигізеді. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенің ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру – құқықтық сананың негізгі  белгілері болып табылады. Сондықтан да құқық қызметкерлерімен қоса ата-аналар да балаларының тәрбиесіне аса жауаптылықпен қараған жөн», – дейді А.Өмірзақов.

Шара барысында қатысушыларға құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірулер барысында бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды. 
 

316143036_3427833540817896_1955306701165792952_n.jpg

Тағы да оқыңыз: