Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілген болатын.

Комиссия отырысына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы мекемелердің және құқық қорғау органдарының басшылары қатысып, күн тәртібіне сәйкес, 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, «Есірткі бизнесіне қарсы күресте мүдделі органдармен атқарылып жатқан шаралар туралы» Сырдария аудандық полиция бөлімібастығының міндетін атқарушы Азамат Оспанов, Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері  Жалғасбек Үсенов баяндама жасады.

Ал екінші мәселе бойынша «Есірткі егу алқаптары анықталған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару және жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға заңмен белгіленген жауапкершіліктерін түсіндіру жұмыстары туралы» аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Жұмабеков баяндады. Сонымен бірге  «Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілдерді енгізу жобасының кейбір мәселелері туралы» Сырдария аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Азамат Оспанов хабарлап өтті.

Аудан басшысы өзекті мәселе бойынша тиісті ұсынымдар енгізіп, комиссия отырысының қорытындысымен бойынша жауапты мекеме басшыларына «Есірткісіз аймақ» жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында көзделген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуына тиісті тапсырмалар берді. Аталған мәселелердің орындалуы бақылауға алынатындығын ескертті. 
 

Тағы да оқыңыз: