maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Жарекеев Қуаныш Жақсыбайұлы Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-ші сессиясына қатысты. Ол сессиядан соң Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие екенін айтты.

Бірінші күні делегаттар мен сарапшылар арасында пікірталастар ұйымдастырылды. Ал бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен сессияның пленарлық отырысы болды.

«Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде «Ассамблеяның қажеті жоқ» деген ұшқары, яғни күмәнді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, Ассамблея – мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым. Ассамблея қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отыр. Онда еңбек етіп жүрген азаматтарды бірліктің елшісі деуге болады».Бұл сессияның да маңыздылығы осында және сессияның тақырыбы «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» - деп айтып өтті.

Шындығында, Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие.

Тағы да оқыңыз: