Kyzylorda-news.kz Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады.

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты ұстаған және алғаш боп жауап алған екі полицей жазаланды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы  Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы факт бойынша Астана қалалық полиция департаменті жүргізген қызметтік тергеу аяқталды.

«Құқық қорғау қызметі туралы» заңның 19, 56-57-баптарына, сондай-ақ қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін тәртіптік комиссияның шешіміне сәйкес Патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды. ӘҚБтК-нің 434-2-бабының талаптарын бұзғаны үшін (Қоғамдық орындарды ластау) Астана полиция департаментінің Есіл аудандық полиция бөлімінің жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланды», - делінген хабарламада.

Фото: polisia.kz

Тағы да оқыңыз: