Kyzylorda-news.kz.  Бүгін ҚР Парламент Сенатының депутаты Р.Рүстемов және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары М.Жайымбетов пен М.Ергешбаев Сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге ауыл ардагерлері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Халық қалаулылары Парламент қабырғасында талқыланып жатқан заң жобалары туралы ақпараттармен бөлісті. Партияның сайлауалды бағдарламасы шеңберінде жасалып жатқан жұмыстарды да айтты. Өз кезегінде ауыл тұрғыны Б.Сүлейменов осыған дейін шешімі табылмай келген «Қызылорда – Айдарлы» автожолының биыл жөндеу жұмыстарынан өткенін атап өтті. Аталған автожол партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасы шеңберінде жөндеуден өткізілген.

Мұнан соң, Аманкелді ауылдық емханасының дәрігері Ж.Амангелдина сөз алып, ауылдық емхана базасы жаңа флюрография аппаратымен толыққанын атап өтті. Бұған дейін Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді және Бесарық елді мекендерінің тұрғындары аудан орталығына барып, флюрография қызметін пайдаланып келген.

Кездесу соңында ауыл ардагері Н.Құдайбергенов халық қалаулыларына ақ батасын берді.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Р.Рүстемов және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары М.Жайымбетов пен М.Ергешбаевтың Сырдария ауданына сапары барысында Қалжан ахун ауылы тұрғындарымен жүздесті.

Мұнда ауыл халқына Парламент қабырғасында жүзеге асып жатқан жұмыстармен танысытырып, азаматтардың ұсыныс пікірдерін тыңдады.

Кездесуде ауыл ардагері Б.Дүйсенбаев Қалжан ахун ауылының биыл көгілдір отын тұтынатындығын айтып, өз ризашылығын білдірді.

Партия уәдесінде тұрып жатыр. Жақында облыста 3 елді мекенге табиғи газ берілді. Жыл соңына дейін 9 елді мекен табиғи отын игілігін көреді деп отыр. Соның ішінде біздің ауылымыз да бар. Қазір ауылда газдандыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көптен күткен мәселе еді бұйырса шешімін тапқалы тұр деді ақсақал.

Ауыл ардагері С.Кенжебаев ауылдағы Қайқы батыр көшесін жөндеу қажеттігін және инфрақұрылымды дамыту бойынша өз ұсынысын жеткізді. Ал, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Жорабек «Ауыл аманаты» жобасының іске асуын ауыл азаматтары күтіп отырғандығын айтты.

Кездесу соңында депутаттар әрбір ұсыныстың маңыздылығын айтып, кезең-кезеңімен өз шешімін табатындығын жеткізді.

Мұнан соң халық қалаулылары «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан фельдшерлік-акушерлік бекеттің жөндеу жұмыстарымен танысты.

347563605_661487252683581_1392386170923185005_n.jpg
347409575_661427626022877_9015714482053972672_n.jpg

Тағы да оқыңыз: