Kyzylorda-news.kz. Бүгін Жалағаш ауданында Қазақстан Республикасы Президент сайлауының қорытындысын қолдау мақсатында денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында қоғамдық штаб мүшелері Нәрікбаев Мұрат, Гүлнур Аманбаева, Шамитаева Әсем және Жақсылық Елубай кезектен тыс Президент сайлауының дауыс беру нәтижелерін айтып өтті.

Жиын барысында штаб мүшелері сайлауға бару көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы алдыңғы қатарларда болғаны және орталық сайлау комиссиясының қорытынды нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткендігін мәлімдеді.

Сонымен қатар, сала өкілдері өз ойларын ортаға салып, сайлаудың жүйелі түрде әділ өткізілгендігін және Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа халық сеніп, бір ауыздан дауыс бергендігін айтып өтті. 

Сондай-ақ, аудандық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президентіне денсаулық сақтау саласын дамытуға, біліктілікті арттыруға және тәжірибе алмасуға қажетті жағдай жасайтынына зор сенім білдіретіндерін жеткізді. Біздің ендігі міндетіміз Президентіміздің ұсынған реформаларын жүзеге асыруға үлес қосу болып табылады дейді

Отырыс соңында сала өкілдері өткен сайлау туралы өз пікірлерін білдірді. Олар сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісі туралы мақтанышын айтып, жылы лебіздерін жеткізді.
 

316153976_1049091713157369_4582012147979939352_n.jpg

Тағы да оқыңыз: