Kyzylorda-news.kz. ҚР Премьер-министрі кеңсесінің мемлекеттік инспекторы Серік Жансейітұлы Шиелі ауданына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Серік Жансейітұлы аудан әкімі Нұржан Ахатовпен бірге «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС зауытының жұмысымен танысып, зауыт директоры У Чен Хуамен тілдесті. Сондай-ақ, зауыт өндірісіне қатысты сауалдарын қойды.

Айта кетейік, цемент зауытында жылына 1 млн. 100 мың тонна цемент өндіріледі. Сондай-ақ, зауыт 266 адам тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Оның 85 пайыздан астамы жергілікті азаматтар.

338512177_204460492278607_1504843358063664260_n.jpg

Тағы да оқыңыз: