Kyzylorda-news.kz Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракция мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Абенов Қызылорда қаласына жұмыс сапарымен келді.

Іс-сапар барысында фракция мүшелері қаланың сол жағалауында бой көтеріп жатқан 11 мың орынға арналған стадион құрылысымен танысты. «UEFA» талаптарына сай жасақталған стадион - еліміздегі теңдесі жоқ жарқын жоба.

Стадион.jpg

Құны 20,9 млрд. теңгені құрайтын жоба аясында футбол алаңы ғана емес ғимарат ішінде бірнеше спорт түрлерінен үйірмелер жұмыс жасайтын болады.

Мұнда шығыс және батыс трибуналардың металл конструкциялары орнатылып, қабырғалар, ішкі бөлмелер мен сыртқы витраждар қаланған. Қазіргі таңда футбол алаңын жабдықтау, ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Стадион ғимараты маңында 238 орындық автотұрақ алаңы, 40 орындық VIP автотұрақ, автобусқа арналған 4 автотұрақ орналаспақ. Жаңа стадион құрылысы Сыр өңірінің аяқдоп сүйер қауымы үшін үлкен жаңалық болғалы отыр. Себебі, бұған дейін қолданыста болған стадионның іргесі 1968 жылы қаланған болатын.

Танысу барысында халық қалаулылары құрылыс сапасына мән беріп, мердігерлерге ұсыныс пікірлерін білдірді. Жаңа нысан қыркүйек айына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Мониторинг жұмыстарына партияның облыстық, қалалық филиалының төрағалары Алмасбек Есмаханов, Ибадулла Құттықожаев, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Гүлшат Исаева және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров пен жауапты басқарма басшылары қатысты.

   Сондай-ақ мәжілісмендер жаңа автовокзал жұмысымен танысты. Бұған дейін қалааралық жолаушылар тасымалын реттеу үшін қолданыста болған ескі автовокзалдың тозығы жеткен болатын. Соның негізінде, аймақ басшысының бастамасымен қаламыздың Сол жағалауынан жаңа автовокзал ғимараты бой көтерді.

МӘЖІЛІСМЕНДЕР ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.jpg

Кеше аталмыш ғимараттың жұмысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Абенов танысты. Мұнда халықаралық және қала аралық үлкен автобустармен қатар «ЭКО такси» де жолаушыларға қызмет етуде. «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің теңгеріміндегі автобустар қалаішілік 32 бағытта жолаушылар тасымалымен айналысады. 12-14 минут интервалмен күніне 230-240 автобус халыққа қызмет көрсетуде.

Автопарк 720-ға жуық азаматты жұмыспен қамтып отыр. «ЭКО такси» қызметі де жолаушылардың жоғары сұраныстағы көлік құралына айналды. Таксиге тапсырыстар «Яндекс», «Жұлдыз» және «Aparu» мобильді қосымшалар арқылы қабылдануда. Такси қызметінің ерекшелігі жүргізушілер көлікті жалға алып, табыс таба алады. Олар «Өтелмелі қызмет көрсету шарты» негізінде қызмет көрсетеді және айына 110 500 теңге ақы төлейді.

 Қызылорда қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракция мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Абенов Сол жағалаудағы өндірістік паркке табан тіреді.

МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨНДІРІСТІК ПАРК ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.jpg

Облыста шағын өнеркәсіп аймақтарын құру үшін Қызылорда қаласының сол жағалауында 2 шағын өнеркәсіп паркін салуға 2 кәсіпкердің өтінімдері мақұлданып, нәтижесінде «Тұмар» ЖК және «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-нің негізі қаланған болатын.

Аталмыш жобалар «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы іске асыруға арналған Жол картада жоспарланған. Екі жобаның құны 1 млрд. 52 млн. теңгені құрайды. Айта кетерлігі, жоба құнының 210 млн. теңгесі кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен болса, қалғаны «Байқоңыр» ӘКК мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ есебінен жүргізілуде.

Өндірістік парк негізінде қаламызда бірқатар жаңа жобалар қолға алынбақ. Мәселен, ысталған балық, табиғи шырын өндірісі, кондитерлік өнімдер мен тағамдар өндіру цехы жұмыс жасамақ.

Расында, тұрғындардың табиғи өнімдерге сұранысының артуына байланыста қолға алынған қомақты жоба қала тұрғындарын сапалы тағамдармен қамтитыны анық. Сондай-ақ, жаңа мамандар даярланып, қосымша жұмыс көзі ашылмақ.

Атап өту керек, «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-і шағын өнеркәсіп аймағымен қатар, коммуналдық базар және ауыл шарушалығы өнімдерін сақтау қоймасын салуды және осы өнеркәсіп аймағында қалдықсыз өндірісті қолға алуды көздеп отыр.

Халық қалаулылары Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Абенов Қызылорда қаласының сол жағалауындағы көпбейінді қалалық аурухана құрылысымен танысты.

Фракция мүшелері көпбейінді аурухана құрылысымен танысты.jpg2 Фракция мүшелері көпбейінді аурухана құрылысымен танысты.jpg1 Фракция мүшелері көпбейінді аурухана құрылысымен танысты.jpg

Құны 35 млрд. теңгені құрайтын онкологиялық бөлімшесі бар аурухана 300 төсек орынға жабдықталған. 2023 жылы басталған құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Айта кету керек, аурухана құрылысы "AMANAT" партияcының сайлауалды бағдарламасы аясында салынуда.

Партияның облыстық және қалалық филиалдары жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері құрылыс қарқынын бағамдау үшін ұдайы түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді.

Аймағымызда Мемлекет басшысының қолдауымен, Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында халық денсаулығын нығайтуға, медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған кешенді шаралар нәтижелі жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда салаға 441 млрд. теңге қаржы бөлініп, халықтың сұранысына сәйкес түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді.

Мемлекет басшысының бастамасымен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 28 медициналық нысан жаңадан салынып, іске қосылды. Төрт көпбейінді аудандық орталық аурухана жанынан қосымша құрылыстар көтеруде. Соңғы үш жылда 24 медициналық нысан күрделі жөндеуден өтті. Халық сұранысына сәйкес барлық елді мекендегі денсаулық сақтау мекемелері санитарлық автокөлікпен 100 пайыз қамтылды.

Құрылыс жұмыстарымен танысу барысында Мәжілісмендер ұлт денсаулығын жақсарту, медицина саласын дамыту мақсатындағы осындай ауқымды жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Тағы да оқыңыз: