2025 жылғы 22-23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров ағымдағы жылдың 28 қыркүйегіне тағайындалған Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің және 26 қазанда өтетін Қызылорда қаласы мен Жалағаш ауданындағы шығып қалған мәслихаттар депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу шеңберінде Сыр еліне инспекциялық сапармен келді.
Сапарға ОСК мүшесі Азамат Айманакумов және комиссия аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Іссапар барысында жоспарланған барлық іс-шаралар сайлау комиссияларының дайындық деңгейін бақылауға, электоралдық оқыту барысына мониторинг жүргізу, сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге және сайлау процесіне қатысушалырмен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған.
Қазалы ауданы әкімінің сайлау науқанына 41 сайлау комиссиясы жұмылдырылған: 1 аумақтық және 40 учаскелік.
Қызылорда қаласы және Жалағаш аудандық мәслихат депутаттарының сайлауына 2 аумақтық, 2 округтік, 6 учаскелік сайлау комиссиясы тартылған.
Сапардың алғашқы күнінде Ортсайлауком басшысы аумақтық сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура, полиция департаменті, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және өзге де уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.
Жиында сайлау науқанының ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері, сайлау өткізудің күнтізбелік жоспарына сәйкес іс-шараларды іске асыру, азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау, электоралдық процесс барысында заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
 ОСК Төрағасы жиынға қатысушылардың аудан әкімі және мәслихаттар депутаттарының сайлау науқанында заңнаманы сақтау, ашықтық пен айқындықты, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне мән беру қажеттігін атап өтті.

23 қыркүйекте  Нұрлан Әбдіров Қазалы ауданына барып, бірқатар учаскелерді аралап, аумақтық, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерімен кездеседі. Сондай-ақ, ауданның белсенді жастарымен еркін форматта басқосып, Жас сайлаушылар клубының мүшелерімен пікірлеседі.

Тағы да оқыңыз: