Kyzylorda-news.kz. Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат Сыр өңірінің халқымен кездесті.
Басқосуда өңірлік жоғары оқу орындарын жаңғыртуға және ондағы білім беру әлеуетін арттырудағы негізгі басымдықтар айтылды. Сондай-ақ, нарыққа қажетті мамандарды даярлауда тиімді бағдарламалар әзірленіп, жас ғалымдарды қолдауға бағытталан бастамалар жүзеге асатынын хабарлады. Мәселен, бүгінде техникалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын 70 пайызға дейін квоталау қарастырылуда. Бұл еліміздегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізбек.
Сонымен қатар, министр еліміздегі демографиялық өсудің қарқыны жоғарлағанын, бұл өз кезегінде оқу орындарының жетіспеушілігіне әкелетінін сөз етті. Тиісінше, елімізде оқу орындарының санын көбейтумен қатар білім сапасын жоғарлату басты міндет екенін жеткізді. Кездесу соныңда облыс тұрғындары өзекті сауалдарын қойып, өз мәселелерін ортаға салды.
Айта кетейік, министр Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Open space» заманауи үлгідегі кітапхана жұмысымен танысып, білім, ғылым, өнер, спорт саласындағы озат студенттермен кездеседі. Мұнан кейін университеттің 85 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады.