Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықованың іссапар барысы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға иппотерапия оңалту қызметімен танысты.

Әрі қарай, Талсуат елді мекенінде орналасқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты оңалту орталығы мен балаларға арналған арнаулы-әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын аралады. 

Орталықтар қызмет алушыларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік – педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетеді. Заман талабына сай жабдықталған.

Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығының жұмысымен танысып, орталықта қызмет алушылармен кездесті.

Еске сала кетейік, 6 маусымда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Ерікқызы Сағындықова жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келген болатын. Н.Е. Сағындықова қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде аймақтың бұқаралық ақпарат өкілдеріне Қызылорда облысына келу мақсаты мен міндеттері туралы сұхбат берді. 

Осы жерде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықова Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесіп, кездесуде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік сақтандыру жүйесін жаңғырту мәселелері туралы баяндады.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықова азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, сұрақтарына жауап берді, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Қорлан САРЫ
Фото: Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Тағы да оқыңыз: