Kyzylorda-news.kz. 2022 жылғы 26 қарашада сағат 10:00-де ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесудің мекен жайы: Қызылорда қаласы, Абай көшесі, «Достық үйі» үлкен залы.

Онлайн-трансляция ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдігінің «Youtube», «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.

Министрмен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын пайдалана отырып жібере аласыз: WhatsApp нөміріне: 8 708 132 78 66 және электрондық мекенжайға: surak@ecogeo.gov.kz

Халықпен кездесуді өткізу барысында:

- коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесу;

- азаматтарды жеке қабылдау;

- БАҚ өкілдеріне арналған брифинг ұйымдастыру жоспарлануда.

Кездесуге жазылу үшін мына телефондар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-708-132-78 66. БАҚ-та және әлеуметтік желіде алдын ала берілген хабарландырумен таныс болған азаматтар өз мәселесін ашық түрде қоюға мүмкіндік алады.

Азаматтарды белсенді қатысуға шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: