Kyzylorda-news.kz. «Қожакент» ауылдық округіне қарасты «Жақсылық И» шаруа қожалығы әртараптандыру бағытындағы суды аз қажет ететін картоп, көкөніс дақылына басымдық беріп отыр.
Қожалық төрағасы Ерғали Исматуллаевтың айтуынша, 20-30 жылдық тәжірибесі бар агрономдармен бірлесе қарқынды жұмыс жасап келеді.
Биыл қожалық форвордтық келісім шарт арқылы «Байқоңыр» ӘӘК-ы арқылы 10 млн 200 мың теңге жеңілдетілген несие алып, әрекет етіп отыр. Қожалық 3 га жерге картоп, 3 га сәбіз егіп отыр. Мұнан бөлек, 5 га қарбыз, 1 га қауын, 33 га күріш еккен.