Фото: egov.kz
Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік қызметшінің үстеме жұмыс уақыты айына 12 сағаттан аспауы керек. Қосымша жұмысқа жұмыс уақытынан тыс уақытта және демалыс пен мереке күндері тартылған мемлекеттік қызметшіге қосымша ақы төленеді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің қалауы бойынша оған басқа күні демалыс беріледі.
«Мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік органдарға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу белгіленген. Мониторинг жүргізудің мақсаты - мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тартудың алдын алу, икемді жұмыс уақыты режиміне, сондай-ақ қашықтықтан немесе аралас қашықтықтан жұмысқа тартуда тиісті талаптардың сақталуы. Жалпы үстеме жұмысқа тарту үшін біріншіден мемлекеттік қызметшінің жазбаша келісімі қажет және ол жұмыс берушінің актісімен рәсімделуі тиіс. Үстеме жұмыс уақыты айына 12 сағаттан аспауы керек. Үстеме жұмысқа жұмыс уақытынан тыс уақытта және демалыс пен мереке күндері тартылған мемлекеттік қызметшіге қосымша ақы төленеді немесе мемлекеттік қызметшінің қалауы бойынша оған басқа күні демалыс сағаттары беріледі. Үстеме жұмысқа жұмыс берушіге жүктілігі барлығы туралы анықтама ұсынған жүкті әйелдер, мүгедектігі бар адамдар жіберілмейді», - деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Мирамкүл Бибітова.
