Фото Видео-скрин
Облыстық прокуратура сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
NEGE. Өрт қараусыз қалған пештен шыққан болуы мүмкін.
Қаза тапқан балалардың анасы 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қостанай облысында жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған бес бала қайтыс болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін оларды қараусыз қалдырып, танысының үйіне кетіп қалған. Ал әкесінің түрмеде отырғаны айтылады.