Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай және Досан елді мекендерін қоса есептегенде халық саны - 3643адамды құрайды. Белсенді халық саны – 1900. Өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар саны -586 адам. Жұмыссыздар саны - 15 адам. 

Ауылдық округтегі жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайыз. Халық саны былтырғы жылмен салыстырғанда 9,4 пайызға өскен.
2022 жылы ауылдық округі тұрғындарына «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары арқылы 3 адам жастар практикасымен, 36 адам- ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға тартылған. «Еңбек» бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа 42 адам құжаттарын тапсырып, екінші кезең нәтижесімен ауылдық округтің 9 азаматы жалпы құны  11 миллион 26 мың теңгені құрайтын грантқа ие болды. 

Ауылдық округтің 2022 жылы жыл басынан бекітілген бюджет шығындары бойынша 108,5 миллион теңгені құраса, жыл ішінде қалалық мәслихат шешімдерімен бұл қаражат 156,7 миллион теңгеге нақтыланып, 0,6 есеге артты.  

Округ бойынша 2022 жылдың  салық түсімдерінің жоспары 7 миллион 333 мың теңгеге жоспарланып, жыл ішінде 500,0 мың теңге секвестрге ұсынылып, салық түсімдерінің жоспары 6 миллион 833 мың теңгеге нақтыланған. Жыл соңында нақты түсім 7 миллион 349 мың теңгені құрап, жоспар 107,5 пайызға орындалған.

Өткен жылдың басында  аз қамтылған  69 отбасы, яғни 407 адамға 14 миллион  320  мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалған. Ауылдық округі тұрғындарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Абай елді мекеніндегі медициналық  амбулатория алғашқы көмек беру, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуде.
Жыл басынан бері «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциялары аясында демеушілер тарапынан 35 тұрмысы төмен отбасыға 420 мың теңге көлемінде азық-түліктей қолдау шаралары ұйымдастырылған.

Ауылдық округ бойынша жалпы білім беретін 2 орта мектепте 2 аусымда барлығы 902 оқушы білім алуда. Мектептер толықтай бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Мектепке дейінгі білім беруге байланысты –Абай ауылында «Ата Мұра Орда» 100 орындық жеке балабақшасында 85 бала тәрбиеленуде. 

Абай мәдениет үйінің жанынан құрылған «Ақниет» әжелер ансамблі, «Шабыт» көркемсөз оқу, «Дарын» домбыра, «Ән шырқайық», «Бисер», «Сурет», «Заманауи» және «Спорт» би үйірмелері жұмыс жасап келеді. Үйірмеге 250 оқушы қамтылған. 2022 жылы Абай мәдениет Үйінде жыл көлемінде 45 мәдени іс-шара өткізу жоспарланып, 47 мәдени іс-шара өткізілген. 

Айта кетерлік жайт, ауылдық округте 2 ойын алаңы және тұрғындарға арналған 1 жаттығу орны бар.
2022 жылы Қосшыңырау ауылдық округінде барлығы 1381 гектар аумаққа күріш егіліп, одан басқа 476 гектарға жаңа жоңышқа, 82 гектарға бидай егілді. Нәтижесінде 1381 гектар аумаққа егілген күріштен 56,2 центнерден 7758,2 тонна өнім алынған. Жалпы Қосшыңырау ауылдық округінің жалпы жер аумағы – 40 322,3 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында табысталған жер учаскесінің көлемі – 18315,5 гектар.

Ауылдық округте егін шаруашылығымен айналысатын 29 шаруа қожалығы бар. Ал тіркелген мал басы саны бойынша МІҚ -  5222, жылқы – 3188, уақ мал – 4499, Түйе – 397. Осылайша ауылдық округтегі жылдық өсім 17 пайызды құрап отыр. 
Сонымен қатар, Досан ауылын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 2 дана ұңғыма қазу жұмыстары жүргізіліп халыққа пайдалануға берілген. 2022 жылы ШЖҚ«Табиғат» МКК кәсіпорны арқылы  ауылға келетін үш каналға тазарту қазу жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда Р-2,2 каналының 8,1 шақырымы тазартылып - 25,9 миллион теңге  игерілсе,. Ешпан каналының 3,9 шақырымы тазартылып 18,6 миллион.теңге игерілген. Алтынбай каналы бойынша 10,5 шақырымға тазарту жұмыстары жүргізіліп, 20,5 миллион теңге игерілген.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту- ел экономикасын ілгерілетудің ең негізгі тетіктерінің бірі. Мемлекет тарапынан жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында тиімді мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, өңірімізде де жүзеге асырылуда. Ауылдық округте  2023 жылдың 1 қантарындағы есеп бойынша 213кәсіпкерлік субъект тіркеліп, оның ішінде жұмыс жасап тұрған 207бірлік анықталған. 

207 кәсіпкерлік субъектінің 8-і ЖШС, 135-і жеке кәсіпкер, ал 62-і шаруа қожалығы және 2 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі.

2022 жылы «Микробизнес-Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микро қаржылық ұйымы тарапынан ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлерге берілетін шағын несиелендіру бағдарламасы аясында 5,0 миллион теңгені құрайтын 1 жоба, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы тарапынан «Агробизнес» бағдарламасы аясында 17 пайыздық несиелендірумен 26 миллион теңгені құрайтын 1 жоба және «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы Іскер реинвест бағдарламасы аясында 4,8 миллион теңгені құрайтын 1 жоба, Іскер бағдарламасы бойынша құны 17,9 миллион теңгені құрайтын 3 жоба қаржыландырылған. Одан бөлек Сырдария 1 несие серіктестігі арқылы 26,4 миллионтеңгені құрайтын 3 жоба, «Атамекен Қызылорда» несие серіктестігі арқылы 3 миллион теңгелік 1 жоба қолдау тапқан.

2022 жылы «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант бойынша 11 миллион 26 мың теңгені құрайтын 9 жоба қаржыландырылды. «Бизнес-Бастау» оқу курсы аясында Қосшыңырау ауылдық округінен 40 адам арнайы курстан өтіп, сертификаттарын алған. Алдағы уақытта өз кәсіптерін ашып, жаңа жұмыс орындарын ұсынуды жоспарлап отыр.
Абай ауылының жалпы ауыз су құбырының ұзындығы - 9 шақырымды құрайды. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Абай ауылы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылған. Ауылдың шет аймақтарына жаңадан тұрғын үй құрылысына берілген жерлерге шашыраңқы  ұрғын үй құрылыстары түсуде. Сол үйлерге ауыз су құбырын тарту мақсатында қазіргі таңда қалалық құрылыс бөлімі арқылы жоба сметалық құжаттары әзірленуде.

Досан ауылы тұрғындары 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Досан ауылының тұрғындары өз келісімдерімен табиғи газды ауылға кіргізуге «Каз Энерго Проект Строй» ЖШС-мен келісімге отырып, қазіргі таңда елді мекен орталықтандырылған ілеспе газ құбырларына қосылып, игілігіне пайдалануда.

Өткен жылы «Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында округте 5 көше жөндеуден өткізілді. Жыл басында өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша «Сиыр фермасына» жарық бағандарын орнату үшін 3590,0 мың теңге бөлініп, ашық конкурс жарияланып «МК-Сервис Ltd»  ЖШС жеңімпаз болып табылып, жұмыстар аяқталған.

Сонымен қатар, 2022 жылы қалыптасқан 2666,8 мың теңге бос қалдықтың 2130,4 мың теңгесін ағымдағы шығындарға, яғни Досан ауылындағы №17-көшеге жарық бағандарын орнатуға қайта бағыттап, жұмыстар жүргізілді. «Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру» бағдарламасынан үнемделген қаржыдан 5224,0 мың теңге «Сиыр фермасы» мен Махамбетов көшелерінің қиылысына жарық бағаналарын орнату жұмыстарына ашық конкурс жарияланып, жұмыстар жүргізілуде. 
Досан ауылын толықтай талапқа сай электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында, өткен жылдың соңында қала әкімінің қолдауымен қалалық бюджеттен 10 миллион теңге бөлініп, бүгінгі таңда жоба-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамасымен дайын. 

Сондай-ақ, ауылдың жолдарын да жөндеу мақсатында 8,0 миллион теңге қаржыға жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама алынған. 

Абай ауылындағы Сиыр фермасы учаскесіне жол құрылыс жұмыстарына және ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына жоба сметалық құжаттары да дайын.

Ал Досан ауылындағы көшелерге жарық бағандарын орнату үшін жоба сметалық құжаттары және Абай ауылына балалар ойын алаңын салу үшін ЖСҚ-сы дайындалып, сараптама қорытындысымен әзірленген. Досан ауылына медициналық бекет салу үшін облыстық құрылыс басқармасы тарапынан жоба-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға ұсынылды.

Аталған жобалар дайын болған уақытта құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыны бөлу жөнінде құзырлы органдарға бюджеттік өтінім ұсынылмақ.

Ауылдық округте қоғамдық-саяси және діни ахуал тұрақты сипатта. 2022 жылдың 12 айында 5 қылмыс орын алып, оның 4-і ашылған, Екі елді мекеннің 183 азаматына әр түрлі баптармен әкімшілік хаттама толтырылған. Қылмыстың және мал ұрлығының алдын алу бағытында ауылдық учаскелік полиция қызметкерімен бірлесе ауыл азаматтарынан төрт бағытта құралған түнгі кезекшілік қызмет етуде.

Бүгінгі таңда ауылдық округті газбен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген жоба-сметалық құжаттары толық дайын болып, құрылыс жұмыстарына 663,0 миллион теңге. қажетті қаржы республикадан бөлініп, алдағы уақытта  аталған жұмыстар атқарылатын болады. 

2023 жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Досан ауылындағы №1 көшеге жарық бағаналарын орнату үшін 3895,0 мың теңге бөлінген. Сонымен қатар, Досан ауылындағы №4а, 9а, 15, 17,20 көшелерге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін асфальт төсеуге облыстық бюджеттен «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 56523,0 мың теңге бөлінген. Қалалық бюджеттен Абай ауылындағы саябаққа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 5 миллион теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі уақытта ауылымыздағы «Дарбас», «Арғын» бейіттерін қоршау жұмыстарына жоба сметалық құжаттары дайын. Абай ауылындағы Махамбетов және Шоқатай көшелеріне және Досан ауылындағы Д. Елеусінов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу үшін Абай ауылына кіре-беріс жол мен Досан ауылындағы №2, №2а, №3, №5, №7, №8, №10, №11, №12, №13, №14, №19, №21 көшелеріне жарық бағандарын орнату үшін ЖСҚ экспертиза қорытындысымен әзірленіп «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары» КММ-сі арқылы республикалық бюджеттен қаржы сұратылып бюджеттік жобаға ұсынылған.

Тағы да оқыңыз: