Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауынан туындайтын мәселелерді және бағдарламаларды іске асыру негізінде, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, білім берудің, денсаулық сақтаудың, ауыл шаруашылығын дамыту мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы басты назарда екені анық. Осы тұста ауыл әкімдерінің құзіреттілігін нығайту үшін жергілікті өзін-өзі басқару және ауылдық аймақтарды дамыту бағыттары бойынша ауылдық округі әкімінің аппараты жергілікті мекеме басшыларымен және қауымдастық кеңестерімен яғни ауыл тұрғындарымен бірлесіп түрлі сала бойынша халыққа қызмет көрсетіп келеді.
Бүгінде Арал ауданы орталығынан 120 шақырымда орналасқан Қосаман ауылдық округі түрлі сала бойынша дамып келеді. 2005 жылы бой көтерген ауылдық округте қазіргі кезде 722 халық тұрады. Сонымен бірге атаулы ауылдық округке Қосаман және Ақеспе елді мекендері қарайды.
Экономикалық белсенді халық саны – 328, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 142 адам, жалдамалы қызметкерлер – 180, зейнеткерлер – 44, батыр аналар (алтын, күміс алқа) – 30, жұмыссыздар саны – 6. Осы 2023 жыл басынан жаңадан жұмыспен қамтылғандар саны – 5.
Әлеуметтік нысандар – ауыл көркі
Әлеуметтік нысандар бойынша округте 1 орта және 1 негізгі мектеп бар. Білім ордаларында жалпы 51 мұғалім жұмыс істейді. Мектепте 149 оқушы білім алады. Бұдан бөлек, 2 ФАП, 2 ауылдық клуб, 1 ветпунк, 2 кітапхана және «Нұра топтық су құбыры» РМК «Арал» СЖКБД филиалының №1 су айдау станциясы жұмыс жасайды.
Негізгі кәсіп – шаруа қожалығы
Қосаман ауылдық округінде 8 шаруа қожалығы және 41 жеке кәсіпкер тіркелген. Қазіргі таңда, округте кәсіпкерлікті дамыту бағытында қосымша шаралар қолға алынып, жұмыстар жасалып келеді. Ауылдық округ бойынша 2 азық-түлік дүкені, 1 қоғамдық монша жұмыс жасауда.
Ел экономикасы басты назарда
Қазіргі таңда округте барлығы 41 кәсіпкер тіркелген. Сонымен бірге, округ бойынша жыл басынан түрлі қаржы ұйымдарына жобалар ұсынылып, қолдау күтілуде.
2023 жылы округте кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бастау-Бизнес» бағдарламасымен 3 азамат(ша) оқып, қайтарымсыз қаржы алуға тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде кәсіп ашуға ниетті азаматтар тізімі жасақталды. Сонымен бірге алдағы уақытта «Ауыл аманаты» жобасына аясында төмендетілген пайызбен несие алуға ниетті азаматтарға құжат тапсыруға сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы – мемлекетті дамытатын сала
Ауылдық округ бойынша 2023 жылдың 1 шілдесіне түсетін мал басының саны МІҚ – 852 бас, уақ мал – 1 271 бас, жылқы – 2 679 бас, түйе – 2 081 басты құрайды. Биылғы жылдың тиісті мезгілдерінде мал басын бірдейлендіру жұмыстары толық жүргізіліп, тиісті дерекқорларға енгізілді. Сонымен қатар мүйізді ірі қара тұқымын асылдандыру бойынша жұмыстар күн тәртібінен түскен емес. Осы орайда биылғы жылы 2 бас бұқа алынды.
Бұдан бөлек, Ақеспе елді мекенінде 2 балық қабылдайтын тоңазытқыш цехы жұмыс жасауда.
Атқарылған жұмыс көп
Үстіміздегі жылы аудандық бюджеттен Ақеспе елді мекенінде электр желісін жаңарту мақсатында 6 миллион 272 мың теңгеге тиісті жұмыстар атқарылған.
Қазіргі уақытта округ халқының саны артып келеді. Осыған байланысты, округте балабақша ашу бойынша сұраныс бар екен. Ауыл халқынының сұранысына орай, үстіміздегі жылы Қосаман елді мекенінде жеке кәсіпкердің бастамасымен 40 орындық балабақша ашу жоспарланған.
Округке қарасты Ақеспе елді мекенінде халық арасында «Ыстық су» аталған демалыс орны қызмет жасауда. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде арнайы экспедиция көмегімен 1986 жылы ашылған аталмыш бұлақтан -62˚ су шыққан. Қазіргі таңда бұл шипалы суға елдің түкпір-түкпірінен ем қабылдауға адамдар ағылып келуде. Бүгінгі күні ыстық бұлақ маңында арнайы демалыс орны қызмет етіп, демалыс аймағын заман талабына сай жабдықтау және тынығушыларға сапалы қызмет көрсету бойынша жоғары талап қойылған. Осы орынның туристтік әлеуетін арттыру басты мақсаттың бірі болып отыр. Қазіргі таңда аталмыш аймақта электр желісі мен ауыз су жүргізілген болса, ендігі маңызды мәселе – жол қатынасы болып тұр. Осыған орай, аудандық бюджеттен Ақеспе елді мекеніне кіре-беріс және елді мекендегі «Ыстық су» бұлағына барар автомобиль жолының құрылысының ЖСҚ әзірлуге тиісті қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар аталмыш демалыс орнында кәсіп жасауға ниетті азаматтарға тиісті қолдаулар берілуде. Үстіміздегі жылы «Ыстық су» маңына тынығушыларға қызмет көрсету мақсатында арнайы ЖК «Сақтағанов» жоба әзірлеуде. Бұл дегеніміз – елді мекенде кәсіпкерлік жиегі кеңейіп, халық жағдайын арттыруға септігін тигізері сөзсіз.
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген қанатты қағидаға сүйеніп, ауыл ақсақалдарының ақыл-кеңесін алып, ауылдың ауызбіршілігі мен ынтымағын артыру мақсатында тұрғындар тарапынан да жұмыстар атқарылған. Соның бірі – Қосаман ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі жанға алыс-жақындағы ағайын болып тұрғын үй тұрғызып, пайдалануға берілді. Бұл ауылдағы жұмыла атқарылған жұмыстардың бірі.
