Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының PhD, aға оқытушысы Жансая Теңелқызы III Халықаралық жас ғалымдар конгресіне қатысып, ғылыми зерттеу нәтижелерін таныстырды.
Конгресс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында ұйымдастырылды.
Жансая Теңелқызы «Интеллектуалды жүйелер: Жер, ғарыш және коммуникациялар» секциялық конференциясында «Машиналық оқыту негізінде ауыл шаруашылығы саласындағы маркетингтік стратегияларды оңтайландыру» тақырыбында баяндама жасады.
Ғылыми жұмыста машиналық оқыту технологияларын ауыл шаруашылығы саласында қолдану, маркетингтік стратегияларды жетілдіру және цифрлық шешімдер арқылы аграрлық сектордың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.
Конгресс аясында Жансая Теңелқызының ғылыми жұмысы бағаланып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев атынан арнайы сертификат табысталды.

