Kyzylorda-news.kz  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Жаңа Конституция – халықтың таңдауы, мемлекеттің қуаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тағылымды жиын университеттің №1 оқу ғимаратындағы М.Шоқай орталығында ұйымдастырылып, жиынға Басқарма төрағасы-Ректор Наурызбай Сейтқалиұлы бастаған профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар мен қызметкерлер, білім алушылар қатысты.

Кездесу барысында Жаңа Конституцияның елдің қоғамдық-саяси дамуына, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушылар Ата заңның жаңартылған редакциясы мемлекет пен қоғамның жаңа даму кезеңіне негіз болатын маңызды құжат екенін атап өтті. Сондай-ақ, конституциялық өзгерістердің тарихи мәні мен оның болашақ ұрпақ үшін маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген университет басшысы жаңа Конституция – елдің тұрақты дамуына бағыт беретін негізгі құндылық екенін атап өтті. Ректор тарихтың өткен сәттерін мысалға келтіре отырып, өз құқықтары мен міндеттерін білмей тұра, үйлесімді қоғам құру мүмкін еместігіне ерекше көңіл бөлді. Оның айтуынша, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметті арттыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту – білім беру ұйымдарының маңызды міндеттерінің бірі.

Аталған жиында тәжірибелі ғалымдар мен бітіруші түлектерде сөз беріліп, спикерлер Жаңа Конституцияның рөлі, мақсаты мен міндетін, сонымен қатар енгізілген өзгерістерін талқылады. Жиналыстың қорытынды ойы: «Мемлекеттің ең жоғары құндылығы — адам, оның өмірі, құқықтары және бостандықтары» болып табылады.

Айта кетейік, еліміздің жаңа Конституциясы 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда халықтың қолдауына ие болды. Құжат 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енді. Жаңа Конституцияға сәйкес, 15 наурыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні болып бекітілді. 

Тағы да оқыңыз: