Kyzylorda-news.kz. Жоғары сынып оқушыларының басты мақсаты ҰБТ-дан жоғары балл жинап, өздері қалаған мамандық бойынша ЖОО-ға түсу екені белгілі. Бірақ оқушылар үлкен өмірге қадам басарда қателесіп, бағыт-бағдарды қажет етіп жататыны бар. Ал сондай маңызды сәтте оқушыға бағыт беру үлкендердің міндеті және парызы болып табылады.
Осы орайда, 2022 жылдың желтоқсан айының 7-ші жұлдызында Шекер Ермағанбетова атындағы №246 орта мектебінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мамандарымен кездесу болып өтті.
Кездесуге аудан мектептерінің 11 сынып түлектері қатысып, мамандықты таңдаудың ерекшеліктері туралы консультациялар алды.
Сондай-ақ , орта білім беру ұйымдарының, отбасылардың, техникалық және кәсіптік, жоғары және немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Кеңес беру барысында білім алушыны техникалық және кәсіптік, жоғары және немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау ережелерімен таныстырылып, ҚР барлық ЖОО бойынша оқуға түсуге қатысты кеңестер және грант алуға мүмкіндік беретін инновациялық жобалар туралы ақпараттар берілді.