Kyzylorda-news.kz Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, – деп хабарлайды Қазақпарат.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,29 теңгеге түсіп, 485,82 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 486,47 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

  • доллар 483,00 теңгеден сатып алынады, 490,00 теңгеден сатылады;
  • еуро: сатып алу — 550,00 теңге, сату — 560,00 теңге;
  • рубль: сатып алу — 5,85 теңге, сату — 6,25 теңге.
  • юань: сатып алу — 69,55 теңге, сату — 74,37 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 485,30 теңгеден сатып алынады, 487,50 теңгеден сатылады. Еуро 552,96 — 557,94 теңге, ал рубль 5,96 — 6,10 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,76 теңгеден сатып алынады, 74,11 теңгеден сатылады.

Сурет: freepik.com

Тағы да оқыңыз: