Kyzylorda-news.kz Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, – деп хабарлайды Қазақпарат.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,39 теңгеге түсіп, 472,03 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 474,47 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 471,97 теңгеден сатып алынады, 478,97 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу — 539,93 теңге, сату — 549,93 теңге;
- рубль: сатып алу — 5,80 теңге, сату — 6,10 теңге.
- юань: сатып алу — 69,31 теңге, сату — 74,18 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 473,29 теңгеден сатып алынады, 475,45 теңгеден сатылады. Еуро 540,80 — 546,25 теңге, ал рубль 5,84 — 5,98 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,07 теңгеден сатып алынады, 73,50 теңгеден сатылады.
Сурет: freepik.com
