Kyzylorda-news.kz  «Наурызнама» онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай «Жібек жолы» сауда, ойын-сауық орталығында креативті қолөнер шеберлерінің сауда көрмесі өтті. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орайластырылған шара мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін арттыру, ұлттық қолөнерді дәріптеу және жергілікті шеберлерді қолдау.

Көрме аясында 20-ға жуық креативті кәсіпкер өз қолдарымен жасаған ерекше туындыларын 30% жеңілдікпен көпшілік назарына ұсынды. Нәтижесінде қала тұрғындары ұлттық нақыштағы әсем әшекейлерді, киізден жасалған бұйымдар мен кәдесыйларды, сондай-ақ ағаш, былғары және басқа да табиғи материалдардан жасалған сәндік-қолданбалы өнер туындыларын тиімді бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Тағы да оқыңыз: