Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қытайлық инвестордың қолдауымен қуаттылығы 40 мегаватт құрайтын күн электр станциясының құрылысы басталады. Жоба аясында өңірге инвестиция тартылып, жергілікті тұрғындар үшін 20-дан аса жұмыс орны ашылатын болады.
– Инвестиция «BI Energy» компаниясымен Арал ауданында қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясын салу жобасы іске асырылуда. Бүгінгі күні, электр желісіне қосылу нүктесін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, «Uranus Wind» компаниясымен қуаттылығы 50 МВт жел электр станциясын салу, кореялық «With YOU» компаниясымен қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу жобалары қолға алынды, - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Бекболат Шәріпбеков.
Фото: egemen.kz