Kyzylorda-news.kz Мемлекет пен қоғамға қызмет ету – әрбір азамат үшін абыройлы іс. Қоғамымыздың гүлденуі мен экономикамыздың дамуы жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлесі ерекше.
Мемлекеттік қызметшілер жан-жақты, елдік мүддені бірінші орынға қоя отырып, дұрыс шешім қабылдай алуы тиіс. Халқына қызмет етуде білімі мен тәжірибесіне сүйенген, адалдықты ту ететін таза жүректі, ар-намысы мінсіз азаматтар ғана мемлекеттік қызметші деген атаққа лайықты. Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек.
Осы ретте, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі – жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын белгілейтін маңызды қағида болып табылады.Ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетін ғана емес, сондай-ақ олардың өзін-өзі ұстау мәнерінің базалық стандарттарын бекітеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — мемлекеттік саясаттың басым бағыты және мақсаты сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және алдын алу болып табылады. Бұл жұмыс құқықтық сауаттылықты арттыруға, жемқорлықтың алдын алуға және мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.
Осыған орай, мемлекеттік қызметшілер тарапынан күнделікті жұмыста қарапайымдылық, әділдік пен адалдық принциптерін ұстануды қажет етеді.
Абзал Ұзақбаев,
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек
инспекциясы комитетінің
Қызылорда облысы бойынша
департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі
