Kyzylorda-news.kz  Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен Жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын түсіндіру және Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының маңызын кеңінен насихаттауға арналған кездесу өтті.

Жиынға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аудан прокуроры, мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері “ZOOM” платформасы арқылы онлайн форматта қатысты.

Кездесуде аудан әкімі Жаңа Конституцияның ел дамуы үшін тарихи маңызына тоқталып, оның заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру жолындағы реформаларына кеңінен тоқталып, заңға құрмет пен қоғамдық жауапкершілікті қалыптастырудың маңызын ерекше атап өтті.

Шиелі әкімдігі 2.jpg

Аудан басшысы сөз барысында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, тазалық мәдениетін қалыптастыру әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Осы бағытта Шиелі кенті төрт секторға бөлініп, аудан әкімінің сала орынбасарлары жетекшілік ететін арнайы жұмысшы топтардың құрылғанын, қазіргі таңда тұрғындарға жаңа абаттандыру қағидаларын түсіндіру және ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді.

Жиын барысында Шиелі кентінің әкімі Аманкелді Өмірәлі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кент аумағында атқарылып жатқан санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары туралы баяндама жасап, жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Кездесу барысында аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов тазалық мәдениетін қалыптастырудың құқықтық негіздері жөнінде пікір білдіріп, қолданыстағы заң талаптарын сақтау мен қоғамдық жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

Сондай-ақ ауданның ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, Жаңа Конституцияның қоғамдағы орны, заң үстемдігін нығайту, туған жердің тазалығын сақтау және жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында аудан басшысы Айтбай Жандарбеков барша тұрғындарды Жаңа Конституцияның қағидаттарын құрметтеуге, заң талаптарын сақтауға және «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне бірлесіп үлес қосуға шақырды

Шиелі әкімдігі.jpg

Тағы да оқыңыз: