Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданында аумақтық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және газ тарату мекемесінің мамандарымен бірлесіп, қоғамдық тамақтану орындарында қауіпсіздік талаптарының сақталуына мониторинг жүргізді.
Аталған жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. Мониторинг барысында асханалар мен тамақтану орындарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, газ құралдарын дұрыс пайдалану, қауіпсіздік ережелерін сақтау деңгейі жан-жақты зерделенді.
Тексеру кезінде мамандар тарапынан өрттің алдын алу, газды қауіпсіз пайдалану, техникалық талаптарды сақтау бойынша нақты түсіндірмелер беріліп, тиісті ұсынымдар айтылды. Әсіресе, асхана ішіндегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру мәселесіне баса назар аударылды.
Мұндай алдын алу шаралары – төтенше жағдайлардың алдын алудағы маңызды қадам. Себебі қауіпсіздік талаптарын сақтау – тек бақылаушы органдардың емес, әрбір кәсіп иесінің және қызметкердің ортақ міндеті.

