Kyzylorda-news.kz.  Халықтың сан жыл сынына іліккен Қызылорда қаласындағы қоғамдық көлік мәселесі шешіле бастады.  

Нұрлыбек Машбекұлы облыс әкімі қызметіне кіріскен сәттен өзіне бұрыннан етене таныс жағдайдың шешімі үшін талапты күшейтті. Нәтижесінде Қызылорда автобус паркіне «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы лизингке жаңа 150 автобус алуға өткен жылы 1 млрд 434 млн теңге қаржы бөлінді. Сол әдепкі 150 автобус қазір түрлі бағытта қала тұрғындарына қызмет көрсетіп отыр. Биыл және 150 автобус үшін өткен жылғыдай қаржы бағытталған. Демек, Қызылорда қаласында жолаушы тасымалына қатысты мәселе түбегейлі шешілгелі тұр.

«Ертелі-кеш қатынасы қоғамдық көлікке тәуелді тұрғындар көп. Соның бірі – өзіммін. Жаңа автобустар келіп көзіміз ашылды. Халықтың бір кездердегі өкпе-назы қазір байқайсыз ба, алғысқа айналып жүр. Қаланың тазалығы қандай жақсы. Осылай тәртіп болуы керек», – дейді қала тұрғыны Бақыт Баратбеков.

Қазіргі таңда қоғамдық көлік қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан қойылатын сауалдардың саны артқан. Мәселені шешу мақсатында қоғамдық көлік тасымалдау қызметіне бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, қызылордалықтардың қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және көлік қатынасын дамыту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

347cb7b9-b99d-4662-ba4b-c0934becf4ed.jpg

 

Тағы да оқыңыз: